Grand Slam: Ел намысын кім қорғайды?

Редактор Penalty.kz
20.09.2024, 11:18

Дүбірлі дода Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді. 

europeanparachampionships.com

Қазан айында БАӘ-де өтетін Grand Slam жарысына қатысатын қазақстандық дзюдошылардың есімі белгілі болды. 

Абу-Дабидегі бәсекеге ерлер құрамасынан 9 дзюдошы, ал әйелдер санаты бойынша 3 бұрымдымыз бақ сынайды. Алайда олардың арасында Абиба Әбужақынова жоқ. Оның бұл турнирге не себепті қатыспайтыны әзірге белгісіз. 

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасынан ол аталған жарыста белдесетінін айтқан еді. 

Қазақстан құрамы төмендегідей:

  • 60 келі: Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйеукенов
  • 66 келі: Әділбек Берікұлы
  • 73 келі: Дархан Қойбағар, Ермек Амангелді
  • 81 келі: Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев
  • 100 келі: Әділет Сапарғалиев
  • +100 келі: Мәди Еділбаев

Әйелдер:

  • 63 келі: Есмигүл Куюлова
  • + 78 келі: Назгүл Маратова, Карина Такиева.