Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды
24.09.2024, 11:40
Кәсіпқой боксшы қыркүйектің 28-і күні жұдырықтасуы керек болатын.
Tengrinews.kz
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 28 КО) венесуэлалық Хесус Корреа Пинтоға (16-0, 16 КО) қарсы шаршы алаңға шығуы керек еді. Алайда жарақатына байланысты бұл кездесу өтпейтін болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров екі чемпиондық атағын қорғауы керек болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама