WBO-ның жаңартылған рейтингі: Қазақстан мен Өзбекстанның позициясы қандай?

Редактор Penalty.kz
30.09.2024, 00:05

Жуырда Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әлемдегі ең мықты боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Арасында Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері де бар.

absolutemma.com

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әлемдегі ең мықты боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімде Қазақстанның екі спортшысы, ал Өзбекстанның алты былғары қолғап шебері бар. Сан жағынан өзбек боксшылары қазақстандықтарды басып озған. Десе де, Қазақстанның WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы бар. 

Ол «Қазақ стилі» деген лақап атпен танымал Жәнібек Әлімханұлы. Жерлесіміз орта салмақта дәрежесі бойынша (72,5 кг дейін) WBO чемпиондық белбеуінің иегері. Тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов дәл осы салмақта жетінші орында тұр.

Өзбекстандық спортшылар бірнеше салмақ дәрежесінде рейтингке енген. Екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Жалолов суперауыр салмақта (90 кг жоғары) 15-орында. 76 келіге дейінгі салмақта Бектемир Мелиқұзиев 11-орынға тұрақтаған.

Өзбекстан өкілдерінің арасындағы ең жоғары позицияда Шахрам Ғиясов тұр. Ол жартылай орта салмақ (67 келіге дейін) рейтингінде көш бастап тұр. Сонымен қатар, үздік боксшылар қатарында екінші жеңіл салмақтағы (55 келіге дейін) Муроджон Ахмадалиев, ең жеңіл салмақтағы (50 келіге дейін) Олимжон Назаров және аса жеңіл салмақта (48 келіге дейін) олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов бар.

Осылайша, WBO рейтингінде өзбек боксшылары сан жағынан басым болғанымен, қазақстандық спортшылар чемпиондық титулды жеңу арқылы айтарлықтай жетістікке қол жеткізген.