М. Шамшадин бастаған дзюдошылар Абу-дабидегі "Grand Slam" турниріне қатысады

Редактор Penalty.kz
02.10.2024, 07:43

Айтулы дода 11-13 қазан күндері өтеді. 

olympic.kz

Мағжан Шамшадин бастаған спортшылар Grand Slam турниріне қатысады. Айтулы дода 11-13 қазан күндері Абу-Дабиде өтеді. Оған 33 елден 222 спортшы қатысады. Ал Қазақстан құрамасынан 12 спортшы бақ сынайды.

Атап айтар болсақ, 60 келіде ел намысын Мағжан Шамшадин мен Дәурен Сүйеукенов, 66 келіде Әділбек Берікұлы, 73 келіде Дархан Қойбағар мен Ермек Амангелді, 81 келі Жалғас Қайролла мен Руслан Мұсаев, 100 келіде Әділет Сапарғалиев және аса ауыр салмақта Мәди Еділбаев қорғайды.

Ал әйелдер арасында 63 келіде Есмигүл Куюлова, + 78 келіде Назгүл Маратова мен Карина Такиева белдеседі.