Кәсіпқой боксшы Қазақстанның ІВА-ден неліктен шығу керектігін түсіндірді

Редактор Penalty.kz
03.10.2024, 17:22

Аида Сатыбалдинованың айтуынша, Қазақстан бокс федерациясының World Boxing-ке ауысуы заңдылық.

Vesti.kz

Кәсіпқой бокста бағын сынап жүрген Аида Сатыбалдинова Қазақстан бокс федерациясының World Boxing-ке ауысуы заңдылық екенін айтты.

Сатыбалдинованың сөзінше, спортты ұзақ жылдарға арналған жоспармен дамыту қажет. 

«Геннадий Головкин бұған дейін де Қазақстанның ІВА-ден шығып, World Boxing-ке мүше болуы керектігін айтқан. Отандық федерация басшылығы сол кеңеске құлақ түргеніне қуаныштымын. Әрине, саясат спортқа араласпасын десек те, саясаттың бұл салаға ықпалы жоғары екенін көріп жүрміз. Геннадий бұрынғы спортшы ретінде мұның бәрін жақсы біледі. Ол спортшы үшін Олимпиада ойындарының маңыздылығын да жақсы түсінеді. Ол боксшылардың тағдырын, олардың арманының күл-талқанын шығарғысы келген жоқ. Ол боксты Олимпиада бағдарламасында сақтап алғысы келеді. Сондықтан да осындай қадамға барды», - деді Аида.

Десе де, сарапшылардың барлығы бірдей ІВА-ден шығуды қаламайды. Кей мамандар Умар Кремлев басқаратын ұйым былғары қолғап шеберлеріне қомақты сыйақы беру арқылы жағдайын жақсартуға үлес қосып жүр деп санайды.