Жәнібек Әлімханұлы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Редактор Penalty.kz
04.10.2024, 16:59

Сиднейдегі бокс кешінде отандасымыз Андрей Михайловичтен басым түсіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды. 

Turkystan.kz

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгін жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жек өткізді. 12 раундқа жоспарланған кездесуде қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласынан басым түсті. 

Жәнібек алғашқы раундтан бастап, басымдық танытты. Бірінші раундта Андрей Михайловичті нокдаунға түсірді. Ал, тоғызыншы раундта Әлімханұлының ауыр соққысынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша Жәнібек қарсыласын Сиднейде сан соқтырып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды. 

Айта кетейік, бокс кеші Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті. 25 жастағы Андрей Михайлович бүгінге дейін 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бірінде жеңіліп көрмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтады (21-0, 13 KO). Қазір Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3 орында тұр.