Қазір қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегіне қатысты ақпар күтуде.
Орта салмақта WBO/IBF бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы жаңалықтарды тағатсыздана күтіп жүргендей. Х әлеуметтік желісінде отандасымыз «Қандай да бір жаңалық бар ма өзі?» деген сұрақпен бірге күлімсіреп тұрған эмодзи жариялады.
Еске сала кетейік, осы аптада Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібекке міндетті қарсылас ретінде британдық Хамза Ширазды тағайындады. Тараптарға жекпе-жек туралы келіссөздер жүргізуге 15 күн берілді.
4 қазанда Әлімханұлы шамамен бір жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралып, тоғызыншы раундта Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичті нокаутпен жеңді.