Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында фавориттер тізіміне енді

Редактор Penalty.kz
18.10.2024, 12:44

Байрақты бәсеке Албания астанасы Тиранада 28-ші қазан күні басталады. 

olympic.kz

Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтетін әлем біріншілігінде қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова фавориттер тізіміне енді. 

Біріккен күрес әлемі 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымызды үздік спортшы деп белгіледі. Ал оның жарыстағы басты бәсекелесі ретінде жапониялық Ами Исии аталды. Ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері әрі Азия чемпионы. 

Өз кезегінде қазақстандық бұрымды да 2021 және 2022 жылдары әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған. Сонымен қатар, Азия ойындарын да күміс медаль таққан.