Биволдың командасы жекпе-жектің нәтижесін қайта қарауды талап етуде
Жартылай ауыр салмақтағы боксшы Дмитрий Биволдың командасы төрт ірі бокс ұйымына (IBF, WBA, WBC және WBO) өтініш жасап, абсолютті чемпион Артур Бетербиевпен өткен жекпе-жектің нәтижесіне қарсылық білдірді.
Биволдың командасы жекпе-жектің әділ өтпегенін алға тартып, дереу қайта кездесу өткізуді сұрайды. Олардың айтуынша, көрермендердің көпшілігі Биволдың жеңісіне сенімді болған, сондықтан төрешілердің шешімін қайта қарау қажет.
Жекпе-жекте Бетербиев көпшіліктің шешімімен жеңіске жетті (114-114, 115-113, 116-112 деген ұпайлармен). Биволдың командасы әсіресе төреші Павел Кардинидің 116-112 есебіне назар аударуды сұрап отыр.
Бивол жекпе-жектің екінші жартысында тиімді әрекет ете алмады, әсіресе жетінші раундтан кейін белсенділігі төмендеді. Бетербиев болса, соңғы раундтарда үстемдік танытып, ауыр соққыларымен қарсыласын қыспаққа алды.
Бұл оқиға бокс әлемінде үлкен талқыға түсіп, жанкүйерлер арасында пікірталас тудырды. Екі боксшының да қайта жекпе-жек өткізуге дайын екендігі айтылуда, бірақ бұл шешім бокс ұйымдарының қарауында.