Қазақстандық боксшы Дмитрий Биволға әкелікке қатысты ойын білдірді

Редактор Penalty.kz
22.10.2024, 00:08

Жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Дмитрий Бивол ұлдарымен түскен суреттерін жариялаған болатын. 

baigenews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың балаларымен түскен суретке пікір білдірді. 

Кеше танымал былғары қолғап шебері Дмитрий Бивол Әкелер күніне орай әкесі және екі ұлымен түскен суреттерін әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Жарияланым спорт жұлдыздарының арасында көптеген пікірлер жинады.

«Сен үлгісің, бәрібір балалардың суретін салыпсың, жарайсың!» - деп жазды аралас жекпе-жек шебері Мұхаммад Хейбати.

«Ол сені жақсы адам етіп тәрбиелепті, Дмитрий», - деп жазды регбист Кит Мэйсон.

Қазақстан өкілі, IBO World нұсқасы бойынша әлем чемпионы, боксшы Ангелина Лукас та бұл жайттан тыс қалмады.

«Екінші суреттегі әке – спортшы, көрініп тұр! Генетика – от!» - деп жазды қазақстандық спортшы.

Айта кетейік, Дмитрий Бивол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте Артур Бетербиевке есе жіберген болатын.