Толғанай Қасымхан өзбек боксшысын жеңіп, ширек финалға шықты (ВИДЕО)
26.10.2024, 15:41
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның боксшысы Толғанай Қасымхан (60 кг) өзбекстандық Рахима Бекниязованы жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.
Margit Kincses
Үш раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермеген Толғанай айқын басымдық көрсетті. Дегенмен, төрешілердің кейбірі жеңісті өзбек боксшысына бергенімен, нәтиже 3:2 есебімен біздің спортшының пайдасына шешілді.
Енді Толғанай 29 қазанда жартылай финал жолдамасы үшін литвалық боксшымен кездеседі.
Бүгін Қазақстанның тағы төрт боксшысы рингке шығады:
- 71 кг: Өнер Сейілхан vs. Иван Синяк (Беларусь)
- 63 кг: Аружан Жаңабаева vs. Александра Мартинес (Венесуэла)
- 60 кг: Алексей Хаванцев vs. Нодирбек Аллаберганов (Өзбекстан)
- 57 кг: Жансері Көшербаев vs. Никола Михайлович (Словакия)
Боксшыларымызға сәттілік тілейміз!
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама