Тағы бір боксшы ӘЧ алтыны үшін шаршы алаңға шығады.
АҚШ-та өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Даниял Райымбеков (85 келі) күміс медал иеленді.
Райымбеков финалда Уэльс боксшысы Томас Питт Дэниелмен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша ол World Boxing ұйымдастырған ең бірінші чемпионатта Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салған боксшы атанып отыр.
Айта кетейік, 65 келіде өнер көрсететін Асылхан Көшербай рингке ертең шығады. Оның қарсыласы – Аустралия боксшысы Купер Макконел.