Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы доминикандық Карлос Адаместің әлеуметтік желідегі жазбасына жауап берді.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) доминикандық Карлос Адаместің (28-1, 14 КО) әлеуметтік желідегі жазбасына жауап берді.
«Эй, қорқыныш! Электронды поштаңды тексер. Армандар орындалады», – деді Адамес өз жазбасында.
Оған Әлімханұлы: «Әзілдеспе! Біз бәріміз сені білеміз!» – деп жауап берді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ал Карлос Адамес WBC чемпиондық белбеуіне ие. Соңғы жекпе-жегінде Әлімханұлы жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутқа түсірді. Осыдан кейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібекке өз титулын қорғау үшін британдық Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) жекпе-жек өткізуді міндеттеді. Қазір тараптар келіссөздер жүргізуде.