Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шавкат Рахмонов: Кез келгенімен жұдырықтасуға дайынмын!

Редактор Penalty.kz
05.11.2024, 15:54

Қазақстандық файтер UFC 310 турнирі аясындағы қарсыласы туралы мәлімдеме жасады. 

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирі аясындағы қарсыласы туралы мәлімдеме жасады. 

«Белалдың жарақат алғанын бір апта бұрын білдім. Әрине, жағымсыз жаңалық болды. Бұл жағдай көңілге қаяу түсірді. Мен оған дайындалып жүрдім, онымен төбелескім келді. Не істей аламыз… Ол жарақат алып, кездесуден бас тартты. Оның жарақаты қаншалықты ауыр екенін білмеймін. Айтуынша, инфекция жұқтырған көрінеді. Енді күтеміз.

Белалдың қашан оралатыны белгісіз. Сондықтан мен UFC 310-да кез келгенімен уақытша титул үшін жекпе-жекке шығуға дайынмын. Маған кез келгенін беріңіздер, бірақ ең маңыздысы – титулдық жекпе-жек болуы керек. Себебі Белалдың қашан оралатыны белгісіз. Мен дайынмын, мен титулдық жекпе-жекке лайықпын!», – деді Шавкат.

Еске салсақ, UFC 310 турнирі 8 желтоқсан күні таңертең өтеді. UFC әлі Шавкат қарсы тұратын қарсылас тапқан жоқ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары