Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақ күресінің мықтылары Таразға жиналды

Редактор Penalty.kz
09.11.2024, 09:29

Боз кілем бәсекесіне 450-ден аса балуан қатысып жатыр. 

qadam.asia

Қазақ күресінің мықтылары Таразға жиналды. Әулиеата жерінде Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Боз кілем бәсекесінде 450-ден аса балуан өзара мықтыны анықтап, топ жарғандар ұлттық құрамаға қосылады. 
Алғашқы жарыс күні ерлер мен әйелдер арасында алты салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды. 

70 келіде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Роза Нысантайқызы финалда түркістандық Ақбота Қыдырәліден жеңіліп қалды. 77 келіде Аружан Жанжарбай ел чемпионы атанды. Аса ауыр салмақта тараздық Арайлым Шегенова жеңіске жетті. Ерлер арасында 90 келі салмақта жергілікті балуан Айдар Бескемпір топ жарды.

Айта кетейік, балуандар ел біріншілігінде 16 салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр.