Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

WBO Жәнібек Әлімханұлына шарт қойды

Сарапшы, спорт журналисі
09.11.2024, 13:39

Бұған Әлімханұлы мен Шираздың келісімге келе алмауы себеп. 

Liter.kz
Реклама
Реклама

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен міндетті үміткер, британиялық былғары қолғап шебері Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы жекпе-жекке промоутерлік сауда өткізу туралы шешім қабылдады. 

Бұған дейін тараптарға 7 қарашаға дейін келіссөздер жүргізуге рұқсат етілген болатын. Бірақ боксшылардың промоутерлері келісімге келе алмады. 

Енді 18 қараша күні промоутерлік сауда өтеді. Ол WBO-ның Пуэрто-Рикодағы бас кеңсесінде болады. Саудадағы ең төменгі ставка — 200 000 доллар. Жүлде қоры чемпионның туған, тұрып жатқан немесе бейтарап елде жекпе-жек өткен жағдайда 75%-25% қатынаста, ал үміткердің елінде өтетін болса, 80%-20% қатынаста чемпионның пайдасына бөлінеді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO титулынан бөлек IBF әлем чемпионы титулының да иегері.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары