Оны UFC басшылығына да жеткізбек болды.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммад ұйымның екі ардагері – Нил Магни мен Тони Фергюсон арасында қызықты жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынды.
Мұхаммад екеуінің де соңғы кездесулердегі сәтсіздіктерін ескере отырып, олардың кездесуін көргісі келетінін жеткізді. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол бұл кездесуді UFC басшылығына ұсынды.
Айта кетейік, 9-нан 10-қарашаға қараған түні Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 247 турнирінде бразилиялық жартылай орта салмақ боксшысы Карлос Пратес Нил Магниді бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Бұл Магни үшін соңғы алты жекпе-жектегі төртінші жеңіліс болды. Ал Тони Фергюсон қатарынан сегіз рет жеңіліс тапқан ұзаққа созылған сәтсіздік сериясын жалғастыруда.