БАҚ беттерінде оның қазақстандық файтерге бәсекелес бола алатыны айтылуда.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа бәсекелес бола алатын жаңа қарсыластың есімі аталды. Vesti.kz хабарлауынша, бразилиялық файтер Карлос Пратес (21-6) UFC-дің жартылай орта салмақ дивизионында Шавкатқа кәдімгідей қарсылық көрсетуге қауқары бар.
Лас-Вегаста өткен соңғы UFC турнирінде Пратес Рахномовтың бұрынғы қарсыласы – америкалық Нил Мэгнимен (29-13) жұдырықтасып, бірінші раундта қарсыласын сұлатып түсірген еді.
Жалпы, соңғы 9 айда Пратес төрт жекпе-жек өткізді. Төртеуін де нокаутпен аяқтады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Рахмонов, Камару Усман мен Колби Ковингтон бұл аралықта бірде-бір рет жекпе-жекке шыққан жоқ.
Карлос Пратес осы аптада жартылай орта салмақтағы үздік 15-ке кіруі мүмкін.
Айта кетейік, бразилияқ файтер спорттық мансабында небәрі 6 рет жеңілген. Октагонға қаншалықты жиі шығатынын ескерсек, Пратес алдағы жылдары Шавкат Рахмоновпен кездесуі әбден мүмкін деп жазады Vesti.kz.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін былтыр UFC 296 турнирінде Стивен Томпсонға қарсы өткізді. Оны отандасымыз екінші раундта жеңіспен аяқтаған болатын.
Шавкаттың келесі кездесуі 7-ші желтоқсанда өтеді жоспарланып отыр. Алайда оған кім қарсы тұратыны әзірге белгісіз.