Бүгін атақты файтер өзінің отандасы Стипе Миочичпен жекпе-жек шыққан еді.
Америкалық файтер Джон Джонс (27-1) UFC 309 турнирінде отандасы Стипе Миочичпен (20-4) жұдырықтасып, жеңімпаз атанды.
Нью-Йорк қаласындағы "Мэдисон Сквер Гарденде" өткен жекпе-жекте ММА жауынгерлері чемпиондық белбеу сарапқа салған болатын. Бес раундқа жоспарланған кездесудің үшінші кезеңінде Джон қарсыласын нокаутқа түсіріп, белбеуін қорғап қалды.
Айта кетейік, осы кездесуден кейін Миочич спорттық мансабын аяқтайтынын жариялады. Ал Джонс әлі де белбеуін қорғауға дайын екенін мәлімдеді.