Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шавкат Рахмонов командасының бас бапкерін Америкаға жібермеді

Редактор Penalty.kz
02.12.2024, 14:45

Құрамына қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов кіретін DAR Team-нің бас бапкері Эдуард Базров Ян Гэрримен болатын жекпе-жекте "Номадтың" бұрышында кім болатыны айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.  

almau

Америка билігі бапкерді осымен үшінші рет Құрама Штаттарға кіргізбей отыр.  

"Иә, Баян Маратұлы Жанғаловтың қазір АҚШ-қа ұшып кеткені өте жақсы. Ол Шавкаттың бұрышында болады. Жеке жаттықтырушысы ғой. Бұл  өте маңызды. Өкінішке қарай мен Америкада көп уақыт өткізсем де, үшінші рет визалық рәсімдеуден өте алмадым. Ол жерде үш рет болдым. Жиындарда, халықаралық турнирлерде жеңіске жеттік. Әрине мен де бұрышта болып, қолдау көрсеткім келеді.

Ең бастысы - біздің командадан адамдар бар. Оның негізін қалаушы Алидар Өтемұратов және Баян Маратұлы мен Генри Хуфт бұрышта болады. Командалық қолдау жеткілікті. Жекпе-жек жоспар бойынша өтеді деп үміттенейік. Бәрі жақсы болады. Біздің команда Лас-Вегастан жеңіспен оралады", - деді тәлімгер.

Рахмонов (18-0) пен Гэрри (15-0) жекпе-жегі UFC 310 турнирінің басты карды болады. Жекпе-жек 8 желтоқсан күні таңертең өтеді және бес раундтан тұрады.