Дзюдодан соңғы Үлкен дулыға турнирі Токиода өтеді
03.12.2024, 12:00
7-8 желтоқсан аралығында Жапония астанасында дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыс өтеді. Бұл 2024 жылғы ересектер арасындағы соңғы халықаралық турнир саналады.
tj.sputniknews.ru
Күншығыс еліндегі бәсекеде 48 мемлекеттен 302 дзюдошы сынға түседі.
Жапония астанасына Қазақстаннан 11 спортшы аттанады. Ерлер арасында 60 келіде екі спортшы яғни Шерзод Давлатов пен Дәурен Сюкенов күреседі. 73 кг Бақытжан Абдурахманов, 81 кг Жалғас Қайролла, 90 кг ел чемпионатының күміс жүлдегері Максим Мейірлан және 100 келіге дейінгі салмақта Әділет Сапарғалиев ел намысын қорғайды.
Бұрымдыларымыздан 4 салмақта 5 спортшы барады. 52 келіде Толғанай Әбеуова, 57 кг Дана Әбдірова, 63 кг Самалай Ерғалиева және аса ауыр салмақта Назгүл Маратова мен Карина Такиева татамиге шығады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама