Қазақстан бокстан әлем чемпионынан айырылып қалды

Редактор Penalty.kz
06.12.2024, 16:26

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуінен айырылады.

NUR.KZ

Себебі боксшы чемпиондық атағын қорғауда белсенділік танытпай жүр. Ал IBO ережесі бойынша титулды жылына кем дегенде бір рет қорғау міндеттелген. 10 желтоқсанда Жанқоштың соңғы жекпе-жек өткізгеніне тура бір жыл болады. Бұл оның чемпион атағынан айыруға себеп, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол өзінің белбеуіне 2023 жылы наурызда мексикалық Алехандро Менесесті (17-6, 10 КО) жеңіп қол жеткізген. Қарсыласы 10-раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартуға мәжбүр болған. 

Қазақстандық өзінің белбеуін былтыр желтоқсан айында жапондық Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп қорғады.

Бірақ оның 28 қыркүйекте Алматыда белгіленген венесуэлалық Хесус Корреа Пинтоға (16-0, 16 КО) қарсы жекпе-жегі өткен жоқ.

Дәл осындай жағдайға жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) тап болған. Ол 2021 жылдың желтоқсанында IBO чемпиондық белбеуін жеңіп алған. Бірақ бір жыл бойы жекпе-жек өткізбегендіктен титулдан айырылды.