Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Айбек Оралбай "эль-классико" жеңімпазы

Редактор Penalty.kz
08.12.2024, 19:37

Айбек Оралбай бокстан АЧ-2024 жартылай финалында өзбек Джахонгир Зокировпен жұдырықтасты. 

smartnews.kz
Реклама
Реклама

92 келіден аса салмақтағы "эль-класикода" төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшысына берді. 

Айбек құрлықтық бәсекенің финалына жолдама алып, алтын үшін жұдырықтасады. Зокиров қола медальді қанжығаға байлады.

Оралбай 2022 жылы Иорданияда өткен Азия біріншілігінің чемпионы. Зокиров 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ерлер құрамасы атынан он боксшы өнер көрсетті. Финал үшін айқастарға Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеқов (80 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындык Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (92+ кг) шықты. Нәтижесінде финалға тоғыз отандысымыз өтті. Тек Ерасыл Жақпеков жарыс жолын аяқтап, қола медаль иегері атанды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары