DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты.
Алмабаев төрт жекпе-жегін қатарынан ұтты. Промоушенде әлі жеңіліп көрген емес. Қазір қазақстандық ең жеңіл салмақтағы рейтингте жетінші орында орналасқан.
"Асу 100 процент дайын. Бірақ UFC үміткер жекпе-жегін ұйымдастыруы мүмкін. Шамамен ақпан айының соңы деп жоспарлап отырмыз. Қазір келіссөздер өтуде. Оразаға дейін өтетіні нақты белгілі. Асу Алешандре Пантожа (29-5) үшін ыңғайсыз қарсылас. Алайда ұйым осы кездесуге дейін тағы екі-үш жекпе-жек өткізуді міндеттеуі мүмкін", — деді Базров Naiza.tv-ге берген сұхбатында.
Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Матеус Николаудан (19-5-1) басым түскен. Кейін Матеус промоушеннен қуылған еді.