Төрешілер алтын жүлденің тағдырын шешті
10.12.2024, 15:10
Боксшы Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Таиландтағы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасты.
24kz
Бас жүлде үшін айқас ринг қожайыны Байсон Маниконмен өтті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Богдановаға берді.
Богданова Азия чемпионатын жартылай финалдан бастаған. Украиналық Анастасия Черноколенкоға қарсы жігерлік танытып, жеңіске жеткен. Наталья осылайша Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін 2022 жылы топжарған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама