Кім қанша алады? Боксшы қыздарымыздың гонорары белгілі болды
10.12.2024, 23:18
Азия чемпионатында топжарған қазақстандық боксшы қыздардың табысы жарияланды.
sports.kz
Осы турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы саны он медаль жеңіп алды (5 алтын, 5 күміс). Құрлық бәсекесінде "алтын" үшін тағайындалған сыйақы мөлшері $8.000. Осылайша жүлдегерлеріміздің жалпы гонорары $40.000 болды. Қола медальдің құны $2.000. Үшінші орынға табан тіреген қыздарымыз жалпы $10.000 жүлде қорын қалталарына басады. Сонымен бірге ширек финалға шыққандарға ақшалай $1.000 беріледі. Қазақстандықтар осы кезеңде бір боксшыдан айырылып қалды. Демек Қазақстан әйелдер құрамасы АЧ-2024-да жалпы сомасы $51.000 табысқа кенелді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама