Шындықтың беті ашылды. Әлімханұлы чемпиондармен неге айқаса алмады?

Редактор Penalty.kz
12.12.2024, 16:35

Boxing247.com сайтының авторларың бірі Тим Комптон британиялық Хамза Шираз (21-0, 17 KO) орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлынан (16-0, 11 КО) неге қашқанын түсіндірді. 

vesti.kz

Шираз WBO желісі бойынша міндетті қарсылас бола тұра Жәнібектен қашып, 22 ақпанда Эр-Риядта WBC титулына ие Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) жұдырықтасады.

Жәнібек Адаместі де сан рет айқасқа шақырған. Бірақ ол да сылтауратып жекпе-жекке шықпады.

"Бокс жанкүйерлері 25 жастағы Хамзаның Жәнібекпен жекпе-жектен қасақана қашып отыр деп есептейді. Себебі қазақ боксшы өз салмағында бірінші нөмірге ие, ал Карлос Адамес чемпиондар арасында ең әлсізі. Хамза Жәнібекпен де, WBA чемпионы Эрисланди Ларамен де шыға алатын еді және андердог есептелер еді ғой. Остин Уильямспен жекпе-жекте есеңгіреп қалған Шираз үшін Жәнібек қауіпті. Ұлыбританияда оны мықты деп есептейді. Бірақ жекпе-жекте Хамзаның ондай емес екені білініп қалды. Оның әлсіз тұстары бар. Сондықтан ең осал чемпион Адаместі таңдау Шираз үшін хайптың ғана жемісі емес екенін жасырудың ең оңтайлы жолы", - делінген мақалада.