Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Редактор Penalty.kz
13.12.2024, 15:51

Таиландта өткен Азия чемпионатында боксшыларымыз 10 алтын, 4 күміс, 6 қола жеңіп алған еді. 

gov.kz

Елордалықтар Астана халықаралық әуежайында бокстан Азия чемпионы Айбек Оралбай мен күміс жүлдегер Санжар Тәшкенбайды күтіп алды. 

Естеріңізде болса, 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында боксшыларымыз 10 алтын, 4 күміс, 6 қола жеңіп алған еді. Олардың арасында Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбай да бар. 

«Көктемде Олимпиадаға дайындық мақсатында Астанада өткен Elorda Cup халықаралық турнирінде алғаш рет +92 келіде өнер көрсеткен едім. Енді, міне, Азия чемпионатында осы салмаққа көтеріліп, топ жардым. Қателіктерімді байқадым. Алдағы уақытта тағы тынбай жаттығып, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында бірінші нөмір екенімді дәлелдеуге тырысамын», - деді ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай.