Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады

Редактор Penalty.kz
14.12.2024, 18:45

Бұған дейін бұл әдіс 2017 жылға дейін қолданыста болған.

asiaplustj.info

Стамбұлда Халықаралық дзюдо федерациясы төрешілері мен жаттықтырушыларының екі күндік семинары басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мамандар дзюдо ережелерін қайта қарастырып жатыр. Бүгін олар «юко» ұпайын қайтару керек деген шешімге келді, деп жазады 1bol.kz сайты.

2017 жылдан бері “юко” ұпайы ресми түрде алынып тасталған. Қазір тек үш негізгі ұпай түрі қолданылып жүр. Олар:

Ипон — жеңіс ұпайы, егер спортшы қарсыласын толықтай түсірсе немесе оны басымдықпен жеңсе.
Вазари — егер қарсылас толық емес құлап түссе, бірақ әлі де жеңіске жетуге жеткіліксіз болса. Екі вазари иппонға тең болады.
Шидо — егер спортшы ережені бұзса, бұл ұпай оған қарсы беріледі.

Семинарда қабылданған жаңа ережелер 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіле бастайды.