Реклама
Реклама

Рахмонов қалай демалып жатқанын көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі
17.12.2024, 12:00

Жеңіліп көрмеген қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (19-0) Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жектен кейін күш жинап, тынығып жатыр. 

m.sport-express.ru

Шавкат Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде ирландиялықты төрешілер шешімімен жеңген болатын. Енді ол жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммадқа (24-3) қарсы шығуға басты үміткер болды. 

"Номад" аң аулау сәтінен түскен фотосуретке X әлеумттік желісінде  "Жабайы табиғат аясында" деген жазба қалдырған. 

Бұған дейін қазақстандық табиғат аясына шығып, уақытты аң аулаумен өткізуді жан-тәнімен ұнататын айтқан.

Реклама
Реклама