Порье соңғы жекпе-жегін өткізеді
18.12.2024, 19:00
Аралас жекпе-жектен америкалық файтер Дастин Порье жақында мансабындағы ақырғы жекпе-жегін өткізбек.
RunaSport
UFC бас директоры Дана Уайттың айтуынша, тараптар қоштасу жекпе-жегін ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
"Біз келіссөздердің ортасына таяп қалдық. Дастин мансабын аяқтау алдында соңғы жекпе-жек өткізуге ниетті. Бірақ оның кімге қарсы өтетіні әлі белгісіз", — деп мәлімдеді Уайт UFC on ESPN 63 турниріндегі баспсөз мәслихатында.
35 жастағы Порье UFC жеңіл салмағында уақытша чемпион саналады. Ол кәсіби мансабында 39 жекпе-жек өткізіп, 30 рет жеңіске жетті.
Октагондағы соңғы жекпе-жегін биыл маусым айында ресейлік Ислам Махачевке қарсы өткізіп, UFC чемпиондық титулына қол жеткізе алмады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама