Супер жекпе-жек Сауд Арабиясында өтеді.
Британиялық трештокер Тайсон Фьюри (34-1-1, 24 КО) мен қарсылас шақ келтірмей жатқан украиналық боксшы Александр Усик (22-0, 14 КО) осы аптада кезекті рет қолғап түйістіреді.
Саудия жерінде өтетін алыптар айқасы 22 желтоқсан күні Астана уақытымен 03:30-де басталады.
Естеріңізде болса, олардың алғашқы жекпе-жегі мамыр айында өтті. Тартысқа толы текетірес украиналықтың жеңісімен аяқталған еді. Сарапшылардың сөзінше, бұл жолы да Усик қарсыласынан басым болады. Десе де, статистика бойынша британдық боксшы алғашқы жекпе-жектеріне қарағанда реванштарды жақсырақ өткізеді.
Айта кетейік, екі боксшы да алдыңғы айқасынан кейін рингке шыққан жоқ. Енді міне, араға 7 ай салып, бір-бірімен қайта қолғап түйістіргелі тұр. Жұдырықтасу алдындағы баспасөз мәслихатынан кейін қарсыластар он минутқа ұзаған көз түйістіру дуэліне шықты. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған.