Мақсат Ережепов енді Қостанай облыстық Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті.
Танымал қазақстандық балуан Мақсат Ережепов Қостанай облыстық Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Kazinform.kz хабарлады.
Мақсат Аршабайұлы — грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның үш дүркін чемпионы, әскерилер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы.
Ал Қостанай облысының Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атқарушы директоры қызметіне Талғат Жиентаев тағайындалды.