Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Өте еңбекқор": Елдос Сметовтің бапкері Шавкат Рахмоновтың шеберлігін жоғары бағалады

Редактор Penalty.kz
07.01.2025, 16:13

Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

vesti.kz
Реклама
Реклама

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Бұл туралы Sportnews.kz сайты жазады. 

"Шавкатты жеке танымасам да, оның жекпе-жектерін бақылап жүремін. Әрине, ол өте еңбекқор спортшы, оның шеберлігін бүкіл әлем біледі. Шавкаттың жылдам қозғалысы – оның басты артықшылықтарының бірі. Оның жеңіске деген ерік-жігері Елдос Сметовпен тең дәрежеде. Менің ойымша, Шавкат әр жекпе-жекте жеңіске жетуге дайын", - деді Ғалымжан Жылгелдиев.

Қазір Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орында тұр. Ал бұл дивизиондағы чемпиондық белбеу Белал Мухаммадқа тиесілі.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары