Әнуарбек «Мотиватор» мен Мұхит Амантаев көз арбасты (ВИДЕО)
11.01.2025, 21:42
Танымал бокс бапкері Мұхит Амантаев пен атыраулық спортшы Әнуарбек «Мотиватор» арасында жақында жекпе-жек өтуі мүмкін.
b1rinshibol
Бүгін қарсыластар "Бірінші бол" подкастында бірінші рет көз арбасты. Тіпті төбелесуге жақын қалған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан спортшылар сұхбат барысында ерегісіп отырғаны байқалады. "Мотиватор" Мұхитқа қарай қыздың көйлегін лақтырып жібереді.
Алайда оның соңы немен аяқталғаны белгісіз. "Бірінші бол" авторлары тек бұл подкасттың толық нұсқасы ертең жариялатынын ғана жазған.
Айта кетейік, Әнуарбек пен Мұхит арасында кикілжің жуырда желіде басталған еді. Бір-бірінің ашуын келтірген спортшылар төбелесуге дайын екендерін де жеткізген болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама