Конор Макгрегордың октагонға қашан оралатыны белгілі болды
16.01.2025, 09:56
Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт айтты.
rsport.ria.ru
UFC президенті Дана Уайт промоушеннің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегордың биыл спортқа оралатыны туралы айтты.
"Биыл күзде ол октагонға оралады деп үміттенемін", деді Уайт Pardon My Take подкастында.
Айта кетейік, ирландиялық аралас жекпе-жек шебері 2021 жылдың жазынан бері жекпе-жекке шыққан жоқ. Соңғы рет америкалық файтер Дастин Порьеге есе жіберген болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама