Қазақ күресі Азия ойындарына қосыла ма?

Редактор Penalty.kz
17.01.2025, 12:53

Қазақ күресін Азия ойындары бағдарламасын қосу - стратегиялық мақсат, деп мәлімдеді Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов. 

egemen.kz

Оның айтуынша, қазір елдегі федерация халықаралық даму бағытын айқындады және сол бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Былтыр қазақ күресі алғаш рет дүниежүзілік жекпе-жек ойындары бағдарламасына қосылған. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да кеңінен таныстырылды.

Жыл сайын Азия және әлем чемпионаттары өтіп тұрады. Қазірдің өзінде 40-тан аса мемлекетте қазақ күресінің федерациялары ашылып, секциялар жұмыс істейді.  

“Ақпан айында Үндістан астанасы – Делиде әлем кубогы өтеді. Сол жерге Азиялық олимпиада комитетінің төрағасы келеді. Соған қазақ күресін мүмндігінше таныстырып, әрі қарай байланыс орнату бағытында жұмыс істейміз. Бастапқы пікірлері өте жақсы. Оларға ұнап отыр. Қазақ күресінің көрнекілігі өте жоғары. Бұл жерде партер жоқ. Балуандар тек қана тік тұрып күреседі. Техникалық әдістерді орындау тығыздығы жиі”, - деді Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов.