UFC президенті: Ислам Махачев ең үздік файтер

Редактор Penalty.kz
19.01.2025, 23:01

UFC-дің бас директоры Дана Уайт жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачевтің бразилиялық Ренато Мойканоға қарсы жеңісі туралы пікір білдірді. 

liveresult.ru

UFC 311 турнирі Лос-Анджелесте (АҚШ) өткен. 

"Ислам – менің салмаққа тәуелсіз рейтингімдегі бірінші нөмір. Сендер бұған риза шығарсыңдар деп үміттенемін", – деді Уайт турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында.

33 жастағы Ислам Махачев UFC-де 2015 жылы дебют жасаған. 2022 жылдың қазан айында ол жеңіл салмақта чемпиондық титулды жеңіп, содан бері оны төрт рет сәтті қорғады. Оның UFC-дегі статистикасы 16 жеңіс пен бір ғана жеңілістен тұрады.