Қазақстандық WBC экс-чемпионы өзбекпен жұдырықтасады

Редактор Penalty.kz
20.01.2025, 11:29

Қазақстандық боксшы, жеңіл салмақта WBC Asian Continental бұрынғы чемпионы Нұртас Әжбенов (13-1, 4 КО) шаршы алаңға оралады.

vesti.kz

Әжбенов 28 ақпанда Астанадағы бокс кешінде өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Нұртасқа Өзбекстан өкілі Асадбек Мамаджонов (5-1, 2 КО) қарсылас болады.  

Нұртас Әжбенов кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қарашасында өткізген. Сол кезде ол Алматыда төрешілердің шешімімен тәжік Бахтовар Сагизовтың (0-4) айласын асыра алмаған еді.  

Ал Асадбек Мамаджоновқа келер болсақ, ол 2023 жылдың 5 қазанында Ташкентте отандасы Асадбек Назаровты (0-1) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.