Ислам Махачевке Шавкат Рахмоновтың салмағына өтуге кеңес берілді

Редактор Penalty.kz
20.01.2025, 15:00

Ресейлік танымал файтер, Fight Nights лигасының чемпионы Дмитрий Бикрев чемпиондық титулды төртінші рет қорғаған Ислам Махачевке жоғары салмақ дивизионына көшуге кеңес берді. 

fightnews.info

Әзірге жеңіл салмақта дағыстандық файтерге төтеп бере алатын ешкім болмай тұр. Сондықтан ол орта салмаққа көшуі керек, дейді Бикрев.

“Жеңіл салмақта Махачевке қиындық туғызатын ешкімді көріп тұрған жоқпын. Тіпті, Хабиб мансабын аяқтағанда біраз сұрақтар туындаған еді. Ал Махачевте бір ғана мәселе тұр – Царукянмен реванш.  Оливейра мен Порьені Ислам жеңген. Гейджи мен Чендлер оған қарсы түк істей алмайтыны анық. Енді Топурия 70 келіге көтерілмесе, Махачевке 77 келіге жоғарылауы керек. Сол жақта Рахмонов пен Белал Мухаммадтың қай жеңгенімен төбелеседі. Болмаса Царукянмен жекпе-жекті қайта күтуі керек”, - деді Бикрев “РБ Спортқа” берген сұхбатында.

Махачев пен Царукян UFC 311 турнирінде төбелесуі керек еді. Бірақ жекпе-жекке бір жарым тәулік қалғанда Арман Царукян жарақат алғанын айтып кездесуден бас тартты. UFC басшылары оны бразилиялық Ренато Мойканомен алмастырды.