Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақ боксшылары Өзбекстан чемпионатында жүлдеге ілікті

Редактор Penalty.kz
25.01.2025, 13:00

Этникалық қазақтар Ташкентте өтіп жатқан Өзбекстан біріншілігінде кем дегенде қола жүлде алады. 

offside.kz
Реклама
Реклама

54 келіге дейін салмақ дәрежесінің ширек финалында Сабыржан Тастанов Абдумутал Хабибуллаевты (3:2) жеңсе, ал 60 кг Мадияр Данияров Нұрбек Кодировты айқын басымдықпен тізе бүктірді (5:0). Осылайша қос боксшы кем дегенде қола медаль алады. Тағы бір қазақ былғары қолғап шебері Ғанибек Мұратқасымов 67 келіде Бобурбек Бободжановқа (0:5) жол беріп, жартылай  финалдан тыс қалды. 

Еске сала кетсек, Өзбекстан чемпионатында он бес этникалық қазақ жұдырықтасады: Саят Ілиясов, Сабыржан Тастанов, Арман Маханов, Қазыбек Есенгеллиев, Ғанибек Мұратқасымов, Машрап Әбдіқайым, Асылхан Анарбаев, Мадияр Данияров, Айдос Тағайбаев, Амантай Шаланов, Иманғали Жайлауов, Сүндет Мұратов, Нұрислам Абдуллаев, Мадияр Сайдрахимов және Руслан Абдуллаев. Соңғы екеуі Өзбекстан құрамасының мүшелері. Абдуллаев — әлем чемпионы, ал Сайдрахимов — әлем біріншілігінің жүлдегері. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары