Тайсонды жеңген блогер енді туған ағасымен жұдырықтаспақ
29.01.2025, 08:36
Жекпе-жек наурыздың 27-сіне жоспарланған.
voi.id
Америкалық танымал блогер Джейк Полдың келесі қарсыласы кім болатыны белгілі болды. Бұл жолы ол өзінің туған ағасы Логан Полмен төбелеспек. Жекпе-жек 27-ші наурызда өтеді. Бұл туралы блогер-файтер Логан Полдың өзі хабарлады.
"Сіздер он жыл бойы күткен сәт... 27-ші наурыз", - деп жазды Логан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізде болса, былтыр қарашада Джейк Пол төрешілердің бірауыздан шешімімен аты аңызға айналған Майк Тайсонды жеңген еді.
Өз кезегінде Логан Пол UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегормен жұдырықтасуы керек-тін. Алайда аталған промоушнның позициясына байланысты жекпе-жек өтпей қалды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама