Отандасымыз даңқты Эвандер Холифилдтен кейін тұр.
Givemesport порталы тарихтағы ең мықты боксшылар рейтінгін жасады. Бұл тізімде қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (42-2, 37 КО) де бар.
Отандасымыз үздік ондық қатарынан табылды. Дәлірек айтқанда, тоғызыншы сатыға жайғасты. Толық тізім төмендегідей:
1. Джордж Луис Чувало (73-18, 64 KO);
2. Джордж Форман (76-5, 68 KO);
3. Марвин Хаглер (62-3, 52 KO);
4. Мухаммед Али (56-5, 37 KO);
5. Майк Тайсон (50-7, 44 KO);
6. Сауль Канело Альварес (62-2, 39 KO);
7. Ларри Холмс (69-6, 44 KO);
8. Эвандер Холифилд (44-10, 29 KO);
9. Геннадий Головкин (42-2, 37 КО);
10. Панчо Вилья (77-4, 22 KO).