Дзюдошылармыз Baku Grand Slam-2025 турнирінің алғашқы күнін сәтсіз бастады
14.02.2025, 16:22
Татамиге көтерілген төрт спортшымыз жүлдесіз қалды.
sputnik.kz
Бакуде дзюдодан өтіп жатқан “Үлкен дулыға” (Grand Slam) кезеңінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды.
66 келіде өнер көрсеткен Адильбек Берікұлы бірінші кездесуінде АҚШ құрамасы атынан шыққан моңғол Билег Эрденецогты жеңді. Алайда, екінші айналымда ол испаниялық тәжірибелі спортшы Давид Гарсия Торнеге есе жіберді.
Берікұлы шабуылдардың бірінде үшінші “шидо” алып, дисквалификацияға ұшырады.
Одан бөлек, Ұлықбек Әбілқайыр, Данияр Құлушев және Қанат Сейілхан алғашқы жекпе-жектерінде-ақ жеңіліп, жарыстан шығып қалды.
Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы Baku Grand Slam-2025 додасын сәтсіз бастады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама