Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жекелей жарыстар нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде Алматы қаласы (3 алтын, 1 күміс) көш бастады.
Екінші орынға Қостанай облысы (3 алтын) көтерілсе, Алматы облысы (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді.
Чемпионаттың соңғы күнінде спортшылар аралас-командалық жарыста үздікті анықтады. Бұған барлығы 16 команда қатысты. Атырау облысының құрамасы топ жарып, Қазақстан чемпионы атанды. Финалист Жетісу облысының спортшылары күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал Шымкент қаласының құрамасы мен Алматы облысының жас дзюдошылары қола жүлдені теңдей бөлісті.
Жастар арасындағы ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 өңірінен барлығы 557 жас татами шебері қатысты. Жарыс қорытындысына сәйкес 2025 жылы Азия және әлем чемпионаттарында Қазақстан намысын қорғайтын жастар құрамасы жасақталады.
Қазақстан чемпионатында мына спортшылар жүлдеге ілікті.
Қыздар:
48 кг
- Аружан Данайбек (Жамбыл облысы),
- Аяулым Тұрдике (Маңғыстау облысы),
- Сәбина Юлдашбекова (Шымкент),
- Тасним Әбдуали (Шымкент).
-52 кг
- Сара Шұғаева (Алматы қаласы),
- Гүлхан Шыңғысхан (Атырау облысы),
- Сымбат Тағай (Түркістан облысы),
- Арай Дүйсенбай (Алматы облысы).
-57 кг
- Карина Қарқынова (Абай облысы),
- Ботагөз Әділханова (Абай облысы),
- Нұрай Қамзаева (Жетісу облысы),
- Ардақ Нұрсақ (Жамбыл облысы).
-63 кг
- Жібек Жайсаңбай (Қызылорда облысы),
- Ділназ Досберген (Жамбыл облысы),
- Нұрсезім Тұрлыбек (Шымкент),
- Дәмелі Асылханова (Атырау облысы).
-70 кг
- Көркем Орынбек (Алматы),
- Сағира Әділ (Жетісу облысы),
- Гүлдана Мәрлен (Жамбыл облысы),
- Гүлсезім Тұрлыбек (Шымкент).
-78 кг
- Анастасия Нагачевская (Алматы),
- Рената Бекімова (Қарағанды облысы),
- Томирис Ерғали (Қарағанды облысы),
- Нұршат Кемелханқызы (Жетісу облысы).
+78 кг
- Руслана Махатова (Қарағанды облысы),
- Гүлдана Теңелбаева (Маңғыстау облысы),
- Құралай Саттар (Шымкент),
- Айымзада Думанқызы (Атырау облысы).
Ұлдар:
-60 кг
- Телжан Сұлтанбай (Алматы облысы),
- Қайрат Жеңісұлы (Жетісу облысы),
- Табылды Биғамбаев (Атырау облысы),
- Дәрмен Есенгелді (Түркістан облысы).
-66 кг
- Мағжан Әлжанов (Қостанай облысы),
- Нұрсаят Абдуақас (Алматы),
- Әли Болат (Қызылорда облысы),
- Алмат Қыштанбаев (Ақтөбе облысы).
-73 кг
- Ернар Кеңесхан (Алматы облысы),
- Мұхаммедали Зәкіров (Алматы облысы),
- Дәулет Сейфіл (Астана),
- Ернат Исанов (БҚО).
-81 кг
- Досбол Балғабай (Қостанай облысы),
- Елзат Нұрмәділ (Жетісу облысы),
- Ақбар Алтай (Қарағанды облысы),
- Сапарғали Салхан (Шымкент),
-90 кг
- Арман Біләлханов (Астана қаласы),
- Батыржан Тоқтар (Алматы облысы),
- Глеб Азаров (Қарағанды облысы),
- Елболсын Төлебайұлы (Қызылорда облысы).
-100 кг
- Санжар Ерұланұлы (Қарағанды облысы),
- Қасиет Қарқын (Абай облысы),
- Ерасыл Нұртаза (Алматы облысы),
- Бибарыс Раис (Жамбыл облысы).
+100 кг
- Ардақ Серіков (Қостанай облысы),
- Әлихан Назымханов (Түркістан облысы),
- Шерхан Алпанов (Қарағанды облысы),
- Бейбарыс Сұлтан (Қызылорда облысы).