Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Тағы бір қазақстандық MMA файтері допингпен ұсталды

Редактор Penalty.kz
18.02.2025, 12:39

Қазақстандық ММА файтері Алик Домнич допинг-тесттен өте алмай спорттан шеттетілді.

lifepvl.kz
Реклама
Реклама

Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (ITA) мәліметінше, спортшының 2023 жылдың 18 қарашасында алынған сынамаларынан кломифен ізі анықталған. 

Тестілеу нәтижелері бойынша Алик Домнич 2024 жылдың 16 тамызынан бастап 2026 жылдың 15 тамызына дейін спорттан шеттетіледі.

Домничтің спорттағы жетістіктері

Алик Домнич – жеті дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, он мәрте Қазақстан чемпионы, сонымен қатары Азия чемпионы. Бұл дисквалификация оның спорттық мансабына ауыр соққы болып отыр.

Допинг дауы: Қазақстандағы жағдай

Айта кетейік, бұған дейін де қазақстандық ММА спортшысы Расул Хатаев допингпен ұсталып, спорттан уақытша шеттетілген болатын. Бұл жағдай Қазақстандағы аралас жекпе-жек спортына қатысты допинг бақылауының күшейтілуіне әкелуі мүмкін.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары