25 ақпан күні өтетін турнирде америкалық спортшыға қазақстандық Ризабек Айтмұхан мен ресейлік Алихан Джабраилов қарсы шығады.
25 ақпан күні Алматыда балуандар арасында PWL 8 супертурнирі өтеді. Онда америкалық Кайл Снайдер бірден екі айқас өткізеді: біріншісі қазақстандық Ризабек Айтмұханға қарсы болса, екіншісі ресейлік Алихан Джабраиловпен болады. Турнир қатысушылары туралы толығырақ ақпарат Olimpbet Arena шолуында.
Жалпы Professional Wrestling League 8 турнирінде әлемнің 11 елінен келген 19 балуан өнер көрсетеді.
PWL 8 билеттері: қайдан сатып алуға болады және бағасы қанша?
Алматыда өтетін PWL 8 турниріне билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билет құны таңдалған секторға байланысты.
Ең арзан билеттер - бұрыштағы секторларда, олардың құны 5000 теңгеден басталады. Кілемге жақын орындар бағасы 50 000 теңгеден 75 000 теңгеге дейін.
Кештің ең басты оқиғасы: Кайл Снайдердің екі айқасы
Снайдер - еркін күрестен АҚШ шыққан ең жас әрі мықты атлет (Рио-де-Жайнеро 2016).
PWL 8 турнирінде америкалық спортшыға қазақстандық Ризабек Айтмұхан мен ресейлік Алихан Джабраилов қарсы шығады. Екі кездесуде де Olimpbet сарапшылары аздаған басымдықты америкалық балуанға беріп отыр. Снайдер - агрессияға толы әрі талапшыл стилімен аты шыққан және тарихтағы ең титулды америкалық күресшілердің бірі болып саналады. Кайлдың жетістіктері қатарында Олимпиада ойындарының алтын мен күмісі, үш әлем чемпионаты титулы және көптеген басқа да марапаттары бар.
Кайл Снайдер — Ризабек Айтмұхан
Қазақстандық еркін күресші - еліміздің ең талантты әрі болашағы жарқын спортшыларының бірі болғанына қарамай, Olimpbet сарапшылары бұл айқастағы басымдықты алаң иесіне бермей отыр.
Ризабек Айтмұханның басты жетістігі - 2023 жылғы әлем чемпионатының алтыны. Одан бөлек, ол Азия чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдесінің иесі.
Кайл Снайдер — Алихан Джабраилов
Olimpbet аналитиктері Алихан Джабраиловтың америкалықпен кездесуде жеңіске жету мүмкіндігін тіпті төмен бағалайды. Дегенмен, ресейлік спортшының артында көптеген жеңіске жеткен турнирлер бар екенін ұмытпау қажет.
Алихан Джабраиловтың басты жетістіктері — 2019 жылы Астанадағы әлем чемпионатындағы қола, 2021 жылы Варшавада өткен Еуропа чемпионатының алтыны, сондай-ақ 2019 жылы Якутск және 2020 жылы Белградта өткен әлем кубогында екі алтын медаль иесі болған.
PWL 8-дегі маңызды қақтығыстар
Ризабек Айтмұханнан бөлек Кәсіби балуандар лигасында тағы екі қазақстандық кілемге шығады.
Жәмиля Бақбергенова — Айпери Медет-кызы (Кыргызстан)
Жәмиля Бақбергенова — Азияның үш дүркін чемпионы, үш рет әлем чемпионатында күміс медаль алған және бірнеше рет ірі халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болған.
Қазақстандық спортшының қарсыласы Айпери Медет-кызы жайлы айтсақ, ол Қырғызстанның ең табысты және танымал атлеттерінің бірі. Оның қоржынында 2023 жылғы әлем чемпионатының күмісі, сондай-ақ 2023 жылғы Жазғы Азия ойындарында алтын медаль бар.
Азамат Даулетбеков — Магомедхабиб Кадимагомедов (Беларусь)
Olimpbet сарапшылары тактикалық тұрғыдан сауатты Азамат Даулетбековты Магомедхабиб Кадимагомедовпен өтетін кездесудің фавориті санайды. Бірақ қазақстандық балуанның бұған дейінгі жетістігі қарсыласына қарағанда сәл төмендеу. Азаматта әлем чемпионатының қола жүлдесі және Азияның 3 алтыны болса, беларустік балуанда 2020 жылғы олимпиаданың күмісі бар.
Басқа қатысушылар
Еркін күрестен Кайл Снайдер мен Азамат Даулетбековтың кездесуінен бөлек, тағы бір айқас өтеді. Қалған бес жарыс грек-рим стилінде өтуі тиіс.
Автандил Кенчадзе (Грузия) — Ахмед Усманов (Ресей)
Еркін күрес. Автандил Кенчадзе — өзінің техникасы мен кілемдегі табандылығымен танымал грузиялық спортшы. Оның жетістіктері қатарында 2024 жылғы әлем чемпионы атағы мен 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс медалі бар.
Ахмед Усманов — ресейлік спортшы, ол физикалық күші мен агрессияға толы күрес стилімен ерекшеленеді. Оның ең ірі жетістіктерінің қатарында 2023 жылғы әлем чемпионатындағы, 2024 жылғы Еуропа чемпионатындағы және 2020 жылғы Әлем кубогындағы үш алтын жүлдесін атауға болады.
Бұл жекпе-жекте Olimpbet сарапшылары ресейлік балуанның жеңіске жету ықтималдығы әлдеқайда жоғары деп есептейді.
Ақжол Махмудов (Қырғызстан) – Ибрагим Ганем (Франция)
Грек-рим күресі. Ақжол Махмудов Токио-2020 Олимпиадасында күміс алған, Париж-2024 Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, ол 2022 және 2023 жылдары әлем чемпионы, 2018 және 2022 жылдары Азия чемпионы атанған.
Ибрагим Ганемнің жетістіктері арасында 2023 және 2024 жылдардағы әлем чемпионатында жеңіп алған алтын және күміс жүлдесін айтуға болады. Сонымен қатар, ол 2023 жылы Еуропа чемпионатында екінші орынға табан тіреген.
Olimpbet сарапшыларының ойынша, бұл жекпе-жекте Ақжол Махмудов сөзсіз фаворит, ал Ганемнің жеңіске жету мүмкіндігі өте төмен.
Луис Орта Санчес (Куба) — Славик Галстян (Армения)
Грек-рим күресі. Луис Орта Санчес — Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы және Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері. Сонымен қатар, ол әлем чемпионаты мен Панамерикалық ойындар сияқты беделді жарыстарда үздік орындарға ие болған белгілі атлет.
Славик Галстян атын әлемге шығаратын айтарлықтай жетістіктері аз. Ол әлем чемпионатының (2019) және Еуропа чемпионатының (2021, 2022) қола жүлделеріне ие болған.
Olimpbet болжамына сәйкес, бұл кездесудің фавориті — Луис Орта Санчес.
Айк Мнацаканян (Болгария) — Сергей Степанов (Ресей)
Грек-рим күресі. Айк Мнацаканянның әлем және Еуропа чемпионаттарындағы екі қола жүлдесі оның жоғары деңгейіне дәлел бола алады.
Ал Сергей Степанов қоржынында бұл медальдарға төтеп беретін ештеңесі жоқ. Ол тек Ресей чемпионатында екі рет жеңіске жеткен.
Артур Саргсян (Ресей) — Габриэль Росильо (Куба)
Грек-рим күресі. Артур Саргсян — Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы, сондай-ақ 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол бұл жекпе-жекте фаворит саналғанымен, қарсыласы да оңай шағыла қоятын жаңғақ емес.
Габриэль Росильо Париж-2024 Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, 2023 жылы әлем чемпионы атанды, сондай-ақ 2019 және 2023 жылдары Панамерикалық ойындардың екі дүркін чемпионы болған.
Кирилл Маскевич (Беларусь) — Айк Хлоян (Армения)
Грек-рим күресі. Кирилл Маскевичтің басты жетістіктері қатарында 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс медалі және 2020 жылғы Әлем кубогының алтыны бар.
Ал Айк Хлоян тәжірибесі аз, ол енді ғана үлкен спортқа қадам басып келе жатқан балуан. Оның басты жетістіктері жастар арасындағы турнирлерде жүзеге асқан: 2024 жылы U23 әлем чемпионатында жеңіске жетіп, 2023 жылы U23 Еуропа чемпионатында қола медаль иесі атанған