Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан European Open турнирінде қазақстандықтар бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
60 келі салмақтағы финалда қос қазақ дзюдошысы – Шерзод Давлатов пен Бақытжан Аман – өзара жүлде үшін белдесіп, жеңіс Шерзодтың еншісінде қалды.
Аталмыш жарыста 45 елден келген 551 спортшы чемпиондық атақ үшін бақ сынауда.
Шерзод Давлатов Польша астанасында өткен беделді жарыста алғаш рет чемпион атанды. Бұған дейін бұл турнирде екі рет қола жүлде иеленген:
Қазір Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте 1077 ұпаймен 44-орында тұр.