Румынияның Браила қаласында өткен Dracula Open-2025 халықаралық бокс турнирінде жасөспірімдер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтті.
instagram@asbc_official
Турнир қорытындысында Қазақстан 21 медаль жеңіп алды. Ал финалда 15 боксшымыз сынға түсіп, олардың кейбірі өзара кездесті. Нәтижесінде, төрт қазақстандық боксшы алтын медаль жеңіп алды.