"Жақ сүйегін сындырды": Қазақстандық актердың жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
24.02.2025, 10:00
Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектің Octagon 70 басты оқиғасы өтті.
instagram/@erkebulan_toktar
Қазақстандық актер мен тәжікстандық спортшы титул үшін айқасты
BMF белбеуі үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар (10-3) мен Тәжікстан өкілі Камариддин Хасанов (7-3) күш сынасты.
Төртінші раундта ауыр нокаут
Жекпе-жек төртінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Еркебұлан Тоқтардың қарсыласының жақ сүйегіне дәл соққысы Камариддин Хасановтың жекпе-жекті жалғастыруына мүмкіндік бермеді.
Octagon тарихындағы алғашқы BMF чемпионы
Осылайша Еркебұлан Тоқтар Octagon лигасының тарихында алғаш рет BMF чемпиондық белбеуінің иегері атанды.
Спортшылардың рекорды
Бұл Еркебұлан Тоқтардың ММА-дегі кәсіби мансабындағы оныншы жеңісі болды, ал Камариддин Хасанов үшін үшінші жеңіліс ретінде тіркелді.
Жекпе-жектің нокаут сәтін төмендегі видеодан көре аласыз.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама